|
Түрік шайы әлемнің 60 еліне экспортталады
|
Түркия осы жылдың қаңтар айының өзінде 1 млн 643 мың долларға шай жапырақтарын экспорттаған екен. Бұл жайында islam.kz порталы Түркияның шығыс Қара теңіз аймағы экспорттаушыларының қауымдастығының (DKİB) дерегіне жөн сілтеген Anadolu ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. DKİB келтірген мәлімет бойынша Түркиядан әлемнің 60 еліне 392 тонна шай жапырағы жеткізілген. Түркия шайының негізгі тұтынушылары: Бельгия, Германия және Израил. DKİB жетекшісінің орынбасары Хамды Гүрдоғанның айтуынша, аталмыш қауымдастық алдағы уақытта Түркияның әлемдік нарықтағы үлесін арттыра отырып, шай өнімдерінің сортын да көбейтуді көздеп отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Саудия шетелдік жұмысшылар отбасына виза ашу ережесін өзгертті
■
Өзбектер кедейлерді қолдаудың өзгеше әдісін тапты
■
Араб елі өз-өзіне қол жұмсауға оқталғандарға қарсы қылмыстық жазаны жойды
■
Ақшаның жылыстауы бойынша Парсы шығанағы елдері көш бастады
■
Бірер жылдан соң григориан күнтізбесі бойынша бір жылда үш айт мен екі қажылық маусымы болады