Алтын динарға ойсырата соққы беріліп келеді...
Алтын динарға ойсырата соққы беріліп келеді...
3 жыл бұрын 1910 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Таяуда ислам әлемінің бұқаралық ақпарат құралдарында резонанс тудыратындай маңызы болғанымен, алайда, тек бір елмен шектелгендіктен әрі бұл оқиғаның мәні мен маңызына жете назар аударылмағандықтан елеусіз қалған аса маңызды оқиға орын алды. Десе де бұл жаңалық барлық мұсылман елдерін қамтитын проблема ретінде ой салатындығымен өзгеше. Бұл жайында islam.kz порталы golosislama.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жуырда Индонезияның Батыс Ява аралындағы Депокте Заим Саид (фотодағы) тұтқындалды. Не үшін дейсіздер ғой? Ол мұсылман саудагерлерінің желісін құрып, өзара тауар-ақша айналымында индонезиялық рупиді емес, алтын динар мен күміс дирхамды айналымға енгізгені үшін қолына кісен салынды. Индонезияның ұлттық валютасы туралы заң талаптарын бұзғаны үшін айыпталып, 15 жылға түрмеде жазасын өтеуге кескен үкім шығарылды. Бұл оқиға пандемия басталғалы бағасы шарықтап кеткен криптовалюта дүрбелеңі тұсында орын алып отыр. Сарапшылар осыған әдейі назар аударып отыр. Цифрлы валютаның қаны жерге тамбай тұр. Әлем қолма-қол ақшасыз немесе құнды затпен (алтын, кұміс) төлемді жүзеге асырудың жолдарын қарастырып жатыр. Алтын мен күміс қағаз ақшаға қарағанда сенімді. Сақтауға да, төлем жасауға да. Алайда, осы уақытқа дейін күллі әлемнің қаржысы батыс елдерінің қолында шоғырланғандықтан (Бүкіл әлемдік банк, Дүниежүзілік валюта қоры, АҚШ-тың федералды қор жүйесі, т.б.) бұл майданда доллар үстемдігінің ықпалынан кеміту үшін жүргізіліп жатқан жекелеген мемлекеттер (Қытай, Иран, ресей, т.б.) өзара есеп айырысуда ұлттық валюталарына жүгініп, қаржы-несие саясатында реформаларды жүзеге асыра бастады. Өйткені, өсімқорлыққа жол ашатын долларлық жүйеден құтылу үшін, ұлттық валютаны дамыту, осылайша өздерінің геосаясаттағы орнын нықтау үшін жасалып отырған қадамдар. Осыларды ескере келе неге ислами монетарлық жүйені құрмасқа деген ой туады? Осы орайда бұл модел туралы аятолла Хомейниден бастап, Ербақан, Махатхир секілді қолында билігі бар, ислам әлеміне ықпалды тұлғалар сөз қозғағанымен орталық банктер ислами монетарлық жүйені енгізбегенін айта кету керек. Десе де аталмыш жобаны жергілікті сұлтан қолдау білдірген соң тек Малайзияның Келантан штатында және көрші жатқан Индонезияда біз сөз етіп отырған Заим Саид қана жүзеге асыра алды. Бұл жоба тек динармен немесе дирхаммен сауда жасауды, есеп айырысуда ғана қамтып қоймай, сонымен қатар, зекет те осы динар мен дирхам арқылы жиналып, таратылған. Ол ол ма, оны динар мен дирхамды электронды нұсқасына  таңу бағытында эмиссия мүмкіндігі де қарастырылғанын айта кетпеске болмайды – яғни, картамен немесе телефонмен есеп айырысуда динар мен дирхамды пайдалану мүмкіндігі де қарастырылған болатын. Алайда, бұл бастама үмбет арасында қолдау таба қомады, ең сорақысы – Заим Саид секілді жергілікті энтузиаст бастаманы батыл қолға алып еді, оның қолына да кісен салынды.

0 пікір
Мұрағат