«Қытай ислам әлеміндегі имиджін қалпына келтіру үшін жұмсақ күш саясатын қолдана бастады»
«Қытай ислам әлеміндегі имиджін қалпына келтіру үшін жұмсақ күш саясатын қолдана бастады»
2 жыл бұрын 2613 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қытай әлемде мұсылмандар қарасы бойынша көш бастаған ел – Индонезияның мұсылман жастарына шәкіртақы тағайындап, жоғарғы оқу орындарына тартып жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы The Jakarta Post ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытайдағы азшылықты құрайтын мұсылмандарға қарсы жүргізілген саяси науқан мен қытайландыру саясатына байланысты ислам әлеміндегі имиджін қалпына келтіру үшін «жұмсақ күш» саясатына көшті деп есептейді сарапшылар. Өйткені, сыртқы саясатта қандай да бір елдің мүддесінен бұрын алдымен өзінің ұлттық мүддесін ескеретіндіктен осындай қадамдар жасалатынын алға тартып отыр. Бұл тарапта Қытайдың Индонезияға артықшылық беруінің астарында Қытайдың қауіпсіздігінен бастап, ықпал ету аймағын кеңейтуге дейінгі мүддесі жатыр. Бұл тарапта Қытай аумағында тіпті Индонезияның Нахдлатүл-Үлемі деп аталатын аса ірі ислами ұйымының бөлімшесі де ашылған болатын. Өздеріңіз білесіздер, Қытайдың ғасыр бастамасы атанған ғаламдық жобасы («Бір белдеу – бір ел») бойынша нақты қандай мүддесі барын айта кету керек: Қытай бірінші болып Индонезия тарапына халықаралық сауда-саттық бағытын белгілеуге ұсыныс білдірген. Атап айтқанда, Индоензияның «Теңіз өсі» деп аталатын өз жобасы бар. Индонезия архипелагын Малайзиядан бөліп тұрған Малака бұғазы арқылы әлемдік суда-саттықтың 60%-ы өтеді. Бұл сауда-саттықтың денін мұнай танкерлері құрайды – Парсы шығанағынан Қытайға, Жапонияға және Оңтүсік Кореяға тасымалданады. Аталған стратегиялық маңызы зор аймақта америкалықтардың Қытайды тежеп ұстау үшін жетінші флоты бар. Бұл тарапта Қытай аталған аймақтағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Индонезиямен тіл табысуға мәжбүр. Бұл бағытта «Бір белдеу – бір жол» жобасын Индонезияның «Әлемдік теңіз өсімен» ұштастырудың маңызы зор. Бұдан бөлек, аталған аймақтағы «Үнді-Пасифик» деп аталатын америкалық трансаймақты жобасына қарсы тұру үшін Индонезиямен тіл табысуға тура келеді.

Китай опроверг информацию о меморандуме по строительству Таиландского  канала — Центр транспортных стратегий

 

0 пікір
Мұрағат