Цифрлы ислами банкингтің тәуелсіз платформасы ашылды
Цифрлы ислами банкингтің тәуелсіз платформасы ашылды
3 жыл бұрын 1569 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірлігінде тұңғыш рет цифрлы необанк ашылды. Бұл жайында islam.kz порталы businessemirates.ae ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша жаңашылдыққа есігін айқара ашқан аталған араб елі күллі Таяу Шығыс аймағында, Африка құрлығында және Оңтүстік Азияда бұл сала бойынша көшбасшы елге айналуды алдына мақсат етіп қойды. Дубай қаласындағы бұл YAP необанкінің өз лицензиясы оқ, алайда, RAK Bank қаржы ұйымымен ынтымақтастық орнатытып, YAP пайдаланушыларының банк шотының халықаралық нөмірін ұсынып, қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. YAP өзге необанктер секілді нақты филиалдары жоқ, несие мен ипотека бермейді, алайда, шығын мен бюджет сараптамасын, «теңбе-тең» принципі бойынша төлем қызметін, сондай-ақ, ақша аударымы мен шот төлемі секілді қызметтерді ұсынады. Әлемдегі жетекші Revolut цифрлы банкингтің деңгейіне жетуді мақсат етіп отыр. Аталған араб елінің кей банктері соңғы жылдары уақыт талабымен санасып, замана көшінен қалмау үшін өздерінің цифрлы банктік қосымшаларын ашып жатыр. Олардың қосымшалары негізінен LIV by Emirates NBD және Mashreq Neo by Mashreq Bank секілді жас пайдаланушаларға бағдарланған. Әбу-дабидегі ADQ мемлекеттік холдингтік компания өткен жылы елдегі аса ірі First Abu Dhabi Bank (FAB) қаржы ұйымының банктік лицензиясын пайдалана отырып, необанк ашуды жоспарлап отырған мәлімдеген болатын. Әзірге YAP бастапқы қаржыландыру (құрылтайшылар, жекеменшік инвестициялық компаниялар, жекелеген инвесторлар тарапынан) кезеңінде тұр. 20 мыңнан аса клиент алдын ала тіркеліп қойды. Аталмыш жоба БАӘ-нің қаржы саясатын жаңа белеске алып шығатын болады.

0 пікір
Мұрағат