Әлемдегі ең ірі құрма кәсіпорны ашылады
Әлемдегі ең ірі құрма кәсіпорны ашылады
3 жыл бұрын 2094 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Дубай қаласында Al Barakah Dates кәсіпорны қуаттылығын арттырып, әлемдегі ең ірі құрма фабрикасына айналуды көздеп отыр. Аталмыш кәсіпорын жылына 100 мың тоннадан аса құрманы өңдейді, яғни, Біріккен Араб Әмірлігі аумағында өсірілетін күллі құрманың жартысын өңдейді. Бұл жайында islam.kz порталы  Khaleej Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.  Атшаптырым аумақты алып жатқан аталған кәсіпорын құрлысы жоспар бойынша 2022 жылы аяқталады. Al Barakah Dates кәсіпорнының  директоры Жүсіп Сәлім аталған араб елінің құрма өндірісін қанттың орнын алмастыратын диеталық өнім ретінде жылдан жылға өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру үшін  арттырып келе жатқанын  жеткізді.

Қосымша мәлімет: Бүгінде әлем бойынша ең ірі құрма кәсіпорны ретінде әл-Айн оазис қаласы маңындағы Al Foah құрма қаптау фабрикасы аталып жүр. Құрма жиын-терін маусымы – шілде- қараша айлары: бұл аралықта жиналған құрма өнімдерін аталған кәсіпорын фермерлерден сатып алып, 65 мың тоннаға шақталған қоймаға орналастырады, артынша түрлі елдерге экспорттайды, жергілікті сауда желілеріне жөнелтіледі. Құрмалар аталған кәсіпорында жуылады, сұрыпталады, іріктеледі, залалсыздандырылады, т.б. Құрмадан сироп, халуа, т.б. жасалады.

Ұқсас материал:

«Араб түбегінде құрма құруы мүмкін...» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/arab-tubeginde-qurma-quruy-mumkin-fotovideo-14734/#gsc.tab=0

0 пікір
Мұрағат