|
Теміржолды жапырақтардан тазарту үшін лазер пайдаланылады
|
Теміржолға құлаған жапырақтар пойыздың жүрісін кәдімгідей тежейді. Әсіресе, теміржолға жабысқан кезінде. Бұрын теміржолдағы жапырақтардан тазарту үшін құмды немесе суды пайдаланатын. Алайда, оларды қолданудың өз қиындығы болатын әрі таусылып қала беретіні тағы бар. Оның үстіне, су тиген темірді тот басады. Бұл да өз кезегінде отарбаның жүруіне кедергі келтіретін еді. Осыған байланысты голландық инженерлер теміржолды жапырақтардан тазарту үшін лазерді пайдалануды ұсынып отыр. Лазерлік жүйенің де олқы тұсы бар. Оны қолдану тиімділігі тек пойыз сағатына сексен шақырымдық жылдамдықтан төмен жүргенде ғана болады. Болашақта инженерлер пойыздың бұдан да зор жылдамдықпен жүрген кезінде оның тиімділігін арттыруды көздеп отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Организмді жасартудың өзгеше тетігі табылды
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Әлемдегі бір ел иттердің 11 түрін асырауға тыйым салды
■
Араб елі жергілікті мұсылмандарға Nike өнімдерін пайдалануға тыйым салды
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады