Темекі өнімдерін жарнамалауға тыйым салуды мақұлдады
Темекі өнімдерін жарнамалауға тыйым салуды мақұлдады
2 жыл бұрын 1473 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Швейцария сайлаушылары темекі өнімдерінің жарнамасына қатысты қатаң ережені қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Темекі жарнамасына тыйым салуды сайлаушылардың 57 пайызы жақтаған жалпы ұлттық референдумда. Дәлірегі, мұндай шектеуге байланысты темекі өнімдері бұдан былай ингернетте, мерзімді басылымдарда, кинотеатрларда, қандай да бір іс-шараларда, жарнама тақтайларында, т.б. жарналанбайтын болады. Хабарға қарағанда, темеі өнеркәсібі швейцар экономикасына жылына 6 млрд доллардан аса пайда түсіреді әрі 11 мың адамды жұмыспен қамтып отыр. Бұдан бөлек, Еуропаның көптеген елдерімен салыстырғанда Швейцарияда темекі өнімдері арзан, соған сәйкес швейцариялық тұрғындардың шылым шегетін азаматтарының саны 27 пайызға жеткен, яғни, еуропаның өзге елдеріне қарағанда темекі өнімдерін тұтынатындар қарасы көп. Осыдан жиырма жылдай бұрын Женева қаласында өткен Дүнеижүзілік денсаулық сақтау ұйымының тарихи мәні зор құжаты (конвенция) қабылданған еді – ғаламдық темекі індетімен күресу мақсатында. Аталмыш конвенцияға Швейцария да қосылғанымен оны әлі ратификацияламаған (ресми мақұлдамаған) болатын – кәрі құрлықтағы жалғыз ел болатын, өйткені, елдің жарнамаға қатысты заңнамасы талаптарға сәйкес келмеген болатын.

Ұқсас материалдар: 

"Бір жылда темекі тұқылдарынан 766 тонна улы қоқыс пайда болады" (https://islam.kz/kk/news/alem/bir-jylda-temeki-tuqyldarynan-766-tonna-uly-qoqys-paida-bolady-16370/#gsc.tab=0);

"Мұсылман елінде 2005 жылы және осы жылдан кейін дүниеге келгендерге мүлдем темекі сатуға тыйым салынатын заң қабылданaды" (https://islam.kz/kk/news/alem/musylman-elinde-2005-jyly-jane-osy-jyldan-keiin-duniege-kelgenderge-muldem-temeki-satuga-tyiym-salynatyn-zan-qabyldanady-16341/#gsc.tab=0);

«2008 жылғылар мен осы жылдан кейін дүниеге келгендерге мүлдем темекі сатылмайтын заң қабылданады» https://islam.kz/kk/news/alem/2008-jylgylar-men-osy-jyldan-keiin-duniege-kelgenderge-muldem-temeki-satylmaityn-zan-qabyldanady-16154/#gsc.tab=0);

«Ширек ғасырдан кейін әлемде шылым шегетін адам қалмайды» (https://islam.kz/kk/news/alem/shirek-gasyrdan-keiin-alemde-shylym-shegetin-adam-qalmaidy-15035/#gsc.tab=0);

«2010 жылға дейін шылым шегуден 1 млрд адам қаза табады» (https://islam.kz/kk/news/alem/2010-jylga-deiin-shylym-sheguden-1-mlrd-adam-qaza-tabady-14411/#gsc.tab=0);

«Әлем бойынша жылына шылым шегуден қанша адам бақилық болады?» (https://islam.kz/kk/news/arturli/alem-boiynsha-jylyna-shylym-sheguden-qansha-adam-baqilyq-bolady-8275/#gsc.tab=0)

 

0 пікір
Мұрағат