Ширек ғасырдан кейін әлемде шылым шегетін адам қалмайды
Ширек ғасырдан кейін әлемде шылым шегетін адам қалмайды
3 жыл бұрын 3736 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Jefferies инвестициялық компаниясының және Citigroup Inc қаржы конгломератының сарапшылары бір ұрпақ ауысатын мерзімнен кейін, яғни, ары кеткенде 10-20 жылдан соң әлемде шылым шегетін адам қалмайтынын айтып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы LADbible аұпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сарапшылардың айтуынша, бұған қоғам тарапынан темекі өндірісіне және жат әдетке бой алдырғандарға қарсы қысымы мен темекі өнімдеріне салықтың артуы себеп болмақ. Оуэн Беннетт есімді сарапшының сөзіне қарағанда, реттеуші органдар мен темекі компаниялары арасындағы ынтымақтастық, дәлірегі, RRP – сатушының жабдықтаушыға ұсынатын бағасы да 2050 жылға қарай әлемнің темекіден бас тартуына қатты ықпал ететін болады. Яғни, темекі өндірушілер емес, оны өткізушілер бағаны белгілейтіндіктен шылым шегетіндер қатары азаяды. Бұдан бөлек, темекі нарығының ірі ойыншылары шылымның баламалы нұсқаларына (электронды сигарет, вейп) біртіндеп көшіп жатыр.

0 пікір
Мұрағат