Таяу Шығыс: Саудияның әлеуметтік-экономикалық реформасы көрші елдердің әлеуметтік мәселесін асқындырады
Таяу Шығыс: Саудияның әлеуметтік-экономикалық реформасы көрші елдердің әлеуметтік мәселесін асқындырады
3 жыл бұрын 1475 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Саудия билігінің ел экономикасын мұнай шикізатынан құтқару үшін қолға алған, дәлірегі, тақ мұрагері Мұхаммед бен Салманның пәрменімен жүргізіліп жатқан экономиканы әртараптандыру (диверсификация) бағытындағы әлеуметтік мәселелердің кейбірі Парсы шығанағындағы кей елдердің әлеуметтік саладағы дағдарысын одан ары тереңдетеді. Бұл жайында islam.kz порталы  JPost ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұнай шикізатынан көл-көсір пайда тауып отырған араб елдерінің көбісінде қара жұмысты шетелдік жалдамалы жұмысшылар атқарады. Алайда, экономиканы әртараптандыру бағытындағы реформа ең алдымен шетелдік жалдамалы жұмысшыларға соққы болып тиді. Осыдан бірер күн бұрын Саудия билігі Йеменнен, Үндістаннан, Бангладештен эәне Эфиопиядан келіп осы елден, дәлірегі, Йеменмен арадағы шекара маңында орын тепкен төрт провинциядағы кәсіпорындарда нәпақасын айырып жүрген жұмысшылар санына шектеу қойып отыр. Осылайша Саудия билігі шетелдік жалдамалы жұмысшылар есебінен ел азаматтарының арасындағы жұмыссыздық деңгейін 11,7%-ға дейін азайтуға талпыныс жасауда. Екінші жағынан, қауіпсіздік тұрғысынан осындай елеулі шара қолға алынып отыр. Саудия аумағында шамамен 34 млн тұрғын бар, олардығ үштен бірін еңбек мигранттары құрап отыр. Былтырға дейін аталған араб елінде еңбек мигранттарының құқықтық мәртебесін жұмыс берушілер анықтап келген еді. Бұл жайт өз кезегінде шетелдік жалдамалы жұмысшылар құқығының жиі бұзылуына алып келетін. Дәлірегі, еңбек сигранттарының еңбегін қанау, жалақысын дер уақытында төлемеу немесе мүлде төлемей қою сынды фактілер жиі қайтаналанатын. Өткен жылы Саудия да футболдан әлем чемпионатын өткізуге дайындалып жатқан Катардың (естеріңізде болса, осыдан бір жыл бұрын сайтымыздың жаңалықтар таспасында жарияланған бұл тараптағы материалымызда («Парсы шығанағы елі шетелдік жұмысшыларға жаңа ереже енгізеді» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/parsy-shyganagy-eli-sheteldik-jumysshylarga-jana-ereje-engizedi-14065/#gsc.tab=0) «Катар билігі еңбек заңнамасына қатысты ауқымды реформа жүргізілетінін мәлімдеді. Соның ішінде, ең төменгі жалақының базалық мөлшері белгіленіп, жұмысты ауыстыру процедурасын қиындататын ереженің күшін жоятын болды. Мұндай реформа Таяу шығыс елдерінде тұңғыш рет жүргізіліп отыр». деп жазыппыз – ред.) бұл тараптағы әрекетінен үлгі алып, елдегі шетелдік жалдамалы жұмысшыларға қатысты жаңа ереже енгізген болатын. Соның ішінде былтырға дейін шетелдік жалдамалы жұмысшыларға қатысты заңнамасы Парсы шығанағы аймағы бойынша ең қатал саналатын Саудия бұл тараптағы бағытын өзгертіп, реформа жүргізген болатын. Реформаға сәйкес еңбек мигранттары Саудиядан кетуі үшін немесе қайтып оралуы үшін жұмыс берушіден рұқсат сұрайтын. 2020 жылдың наурыз айынан бастап бұл ереже өзгеріп, жеті миллионға тарта еңбек мигранттары тек биліктен ғана рұқсат сұрайды – төленбеген айыппұлы бар, т.б. шетелдік жалдамалы жұмысшылар барлық қарызынан құтылғанша ел аумағынан шығарылмайды. Бұдан бөлек, еңбек келісім-шартының мерзімі аяқталғанда жұмыс берушінің келісімінсіз жұмысын ауыстыра алады. Әлбетте, Саудия билігінің мұндай қадамы бір қарағанда ізгі мақсатта асалынғандай көрінгенімен түптеп келгенде экономикалық мүдде тұрғысынан қолға алынып отырғанын айта кету керек, соның ішінде елдегі жұмыссыздық секілдә әлеуметтік мәселені шешу үшін осындай шараларға көшіп отырғанын аңғарасыз. Десе де Саудия билігінің бұл қадамы өз кезегінде жергілікті жұмыс берушілердің наразылығын тудырып отыр. Саудия билігінің жаңа ережесіне сәйкес бұрынғы артықшылықтарынан айырылған жұмыс берушілер енді шетелдік жұмысшыларды тарту үшін қосымша ынталандыру, көтермелеу шараларын жүзеге асыруына тура келіп отыр. Мұның бәрі жергілікті жұмыс берушілерді қосымша шығынға батырмақ. Әлбетте, жұмыс берушілерге арзан шетелдік жұмысшы күші тиімді.  Бұған мысалды алыстан іздеудің қажеті жоқ. Соңғы ресми ақпаратқа қарағанда, пандемияға байланысты Ресей Федерациясына келіп нәпақасын айыратын орта азиялық еңбек мигранттарының азаюына байланысты жергілкті жұмысшылардың жалақысы 25%-ға дейін артқан. Жалғыз Саудия немесе Катар ғана емес, сонымен қатар, Парсы шығанағындағы Оман да осыған ұқсас шектеу шараларын былтыр қолға алған болатын (қараңыз: «Оман шетелдік жалдамалы жұмысшыларға виза беруге салынған тыйымды 6 айға ұзартты» (https://islam.kz/kk/news/alem/oman-sheteldik-jaldamaly-jumysshylarga-viza-beruge-salyngan-tyiymdy-6-aiga-uzartty-11428/#gsc.tab=0).  Атап айтқанда шетелден келіп жұмыс істейтін жалдамалы жұмысшыларға виза беру мерзіміне салынған тыйымды жиі ұзартатын болған. Осылайша 87 мамандық бойынша салынған тыйымның мерзімін ұзарту арқылы елдегі жұмыссыздыпен күрес бастаған болатын. Жалпы, Парсы шығанағындағы араб елдерінде шетелдік жалдамалы жұмысшылар үй қызметшісінен бастап, құрылыс саласында, т.б. секторларда нәпақа тауып жүр. Бірікен Ұлттар Ұйымының бұл бағыттағы келтірген мәліметіне қарағанда, Бахрейн, Кувейт, Оман, Катар, Біріккен Араб Әмірлігі және Саудияда, яғни, Парсы шығанағындаңы араб елдерінде шамамен 35 млн шетелдік жұмысшы нәпақасын тауып жүр. Соның ішінде Катар тұрғындарының 90 пайызға жуығын шетелдік жұмысшылар құрап отыр. 

Ұқсас материалдар:

«Парсы шығанағы елі шетелдік жұмысшыларға жаңа ереже енгізеді» (https://islam.kz/kk/news/alem/parsy-shyganagy-eli-sheteldik-jumysshylarga-jana-ereje-engizedi-14065/#gsc.tab=0);

«Оман шетелдік жалдамалы жұмысшыларға виза беруге салынған тыйымды 6 айға ұзартты» (https://islam.kz/kk/news/alem/oman-sheteldik-jaldamaly-jumysshylarga-viza-beruge-salyngan-tyiymdy-6-aiga-uzartty-11428/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат