Тарихта алғаш рет әскери лазер нысанаға алынғанды жойды (видео)
|

Израилдің Rafael Advanced Defense Systems компаниясы жоғары энергетикалық лазерлік жүйенің көмегімен нақты ұрыста бірнеше ұшқыштың жойылғанын растады. Бұл жайында islam.kz порталы cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Лазерлік қарудың тарихы 60 жылдан асады. Алғаш рет бомбалар мен зымырандарды бағыттау үшін лазерлік қашықты өлшеу құралын америкалық әскерилер өткен ғасырдың 60-шы жылдардың соңында Вьетнамда қолданған. Кейінірек, дәлірегі, 1982 жылы Ұлыбританияның королдік әскери-теңіз күштері Фолкленд аралдары үшін Аргентина әскеріне қарсы шайқастарда көз қарықтырып, уақытша соқыр етіп тастайтын лазер жүйесін пайдаланды. Десе де бұл екі шайқаста да лазер бар-жоғы қосалқы функцияны ғана атқарған еді. Ал Rafael Advanced Defense Systems мамандары әзірлеген жүйе әуедегі нысанды 10 шақырым қашықтан жоя алатын жоғары энергетикалы әскери лазер (100 кВт). Төмендегі видеодан байқалғандай, лазер ұшқышсыз ұшатын аппараттың қанатын күйдіріп, істен шығарды. Бұл жайт Мысыр мен Газа секторы арасындағы шекара маңында орын алды.




