Тәліптер ресурс үшін өзара талас-тартысқа түсе бастады
Тәліптер ресурс үшін өзара талас-тартысқа түсе бастады
2 жыл бұрын 1492 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ауған билігіндегі тәліптер радикалды қозғалысының (Біріккен Ұлттар Ұйымының қарарымен діни, саяси әрі әскери террористік ұйым ретінде танылғандықтан әлемнің көптеген елінде, соның ішінде Қазақстан республикасыы аумағында қызметі мен насихатына тыйым салынған) ішкі істер министрі Сиражуддин Хаһан ауған аумағындағы қазбалы байлыққа бақылау орнату бағытында бар мүмкіндігін салып келеді. Бұл жайында islam.kz порталы Foreign Policy америкалық мерзімді басылымының шолу материалына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тәліптер ықтимал азаматтық соғыста табиғи ресурстарға иелік еткен топтың билікке жету мүмкіндігінің артық болатынын түсініп отыр. «Хаһан желісі» (Қазақстан аумағында қызметі мен насихатына тыйым салынған) бастапқыда тәліптер құрамында маңызы жағынан екінші орындағы «ойыншы» болатын. Алайда, тау-кен секторына толық бақылу орнатқаннан кейін осы радикалды қозғалыс құрылымында орталық позицияға шыққан. Foreign Policy мерзімді басылымының тау-кен саласының тәуелсіз сарапшысы Жауад Нұранның пікірі осындай. Өкінішке қарай, өзара билікке талас-тартыс толастамаған ауған елінде тау-кен секторы ел экономикасын алға сүйрейтін қозғалтқыш ретінде емес, жеке байлықты жинақтаудың, билікті сақтап қалудың көзі ретінде пайдаланылады. Сиражуддин Хаһан ұзақ уақыт бойы Кабул қаласынан Пәкістанға дейін созылып жатқан хромиттің орасан зор қорын бақылауда ұстап келеді. Бұдан бөлек, оған жүк тасымалданатын жолдарға да, салық салатын орындарға да, кеденге де бақылау орнатудың маңызы зор. Жауад Нұранның жазуынша, есімі аталған тұлға қазіргі уақытта тау-кен секторы кірістерінің басым бөлігін бақылайды. Бұл секторлардан түскен табыс Парсы шығанағындағы араб мемлекеттерінің банктері мен басқа да қаржылық құрылымдарына аударылуы мүмкін. Осылай деген сарапшы елді жайлаған жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлық пен тау-кен саласындағы кәсіби басқарудың болмауынан, сондай-ақ, тәліптер арасындағы өзара талас-тартыстан ауған халқы әзірге экономикалық тығырық пен саяси дағдарыстан шыға алмайды. Осылайша қазбалы байлықтың ауғандардың бағы емес, сорына айналып отырғанын ашына жеткізіпті сарапшы. Табиғи ресурстар – ауғанстандағы конфликтінің негізгі көзіне айналған.  Байлыққа ие болған адам ғана билігін сақтай алады. Тіпті, соңғы он жылдағы соғыс саяси конфигурацияға ықпал етіп, үкіметтің белгілі бір ұстанымдарына әсер етіп отыр. Ауған аумағында мыс, темір, мәрмәр, көмір, лития, хромит, кобальт, алтын, лазурит (зүбәражат) және өзге де асыл тастар қоры бар. Соған қарамастан бұл елде тау-кен өндірісі тұралап жатыр. Бұған ішкі алауыздық пен араздықтан қауіпсіздіктің болмауы себеп болып отыр. Тәліптердің қолында табиғи ресурстар мен тау-кен өнеркәсібі секілді саланы реттейтін, инвестиция тарту тетіктерін қарастыратын заңнама да, тәжірибе де жоқ, ресурсты басқарудан хабары жоқ.

Ұқсас материалдар:

«Ауған «көзірі»: Есірткі трафигінен лития трафигіне өте ала ма?» (https://islam.kz/kk/news/alem/augan-koziri-esirtki-trafiginen-litiya-trafigine-ote-ala-ma-15930/#gsc.tab=0);

«Минералдарға бай мұсылман елі» (https://islam.kz/kk/news/alem/mineraldarga-bai-musylman-eli-11395/#gsc.tab=0);

«Ауғанның есепсіз байлығы тәліптер тұсында кімнің қанжығасында кетуі мүмкін» (https://islam.kz/kk/news/alem/augannyn-esepsiz-bailygy-talipter-tusynda-kimnin-qanjygasynda-ketui-mumkin-15669/#gsc.tab=0;%20https://islam.kz/kk/news/alem/augannyn-esepsiz-bailygy-talipter-tusynda-kimnin-qanjygasynda-ketui-mumkin-jalgasy-15679/#gsc.tab=0; https://islam.kz/kk/news/alem/augannyn-esepsiz-bailygy-talipter-tusynda-kimnin-qanjygasynda-ketui-mumkin-jalgasy-15679/#gsc.tab=0);

«Ауған-Қытай факторы: қытай компаниялары ауған жеріне келе бастайды» (https://islam.kz/kk/news/alem/augan-qytai-faktory-qytai-kompaniyalary-augan-jerine-kele-bastaidy-16087/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат