Тәліптер қарасора өсіруге тыйым салды
Тәліптер қарасора өсіруге тыйым салды
2 жыл бұрын 1471 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Ali Khara / Reuters

Тәліптер радикалды қозғалысының (Біріккен Ұлттар Ұйымының террористік ұйым ретінде танитын қарарына байланысты әлемнің көптеген елінде, соның ішінде Қазақстанда қызметі мен насихатына тыйым салынған – ред.) жетекшісі Хайбатулла Ахундзада ауған аумағында есірткі шикізаты болып табылатын қарасора өсімдігін өсіруге тыйым салды. Бұл жайында islam.kz порталы ресейлік «Жаңалықтар» ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ережені елемей, есірткілік өсімдік өсіргендер шариғат талаптарына сай жазаланады. Ал қарасора алқабы жойылады. Осы орайда 2022 жылдың желтоқсан айында Ауғанстанның ішкі істер министрлігі күллі ел аумағында көкнәр өсіруге тыйым салынғанын жариялағанын айта кетпекпіз. Толық пісіп жетілмеген көкнәрдан апиын алынады – морфин мен кодеин бөлетін қою, сүтті шырын.

Ұқсас материалдар:

«Тәліптер есірткі өсіруге тыйым салды» (https://islam.kz/kk/news/alem/talipter-esirtki-osiruge-tyiym-saldy-16588/#gsc.tab=0);

«Ауған «көзірі»: Есірткі трафигінен лития трафигіне өте ала ма?» (https://islam.kz/kk/news/alem/augan-koziri-esirtki-trafiginen-litiya-trafigine-ote-ala-ma-15930/#gsc.tab=0);

«Тәліптерді биліктен тайдырғаннан кейін есірткі саудасы қарқын алған» (https://islam.kz/kk/news/madeniet/talipterdi-bilikten-taidyrgannan-keiin-esirtki-saudasy-qarqyn-algan-7896/#gsc.tab=0);

«Ауғанстан есірткі еліне айналды» (https://islam.kz/kk/news/alem/auganstan-esirtki-eline-ainaldy-11191/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат