Араб елінде мұсылман еместерге зайырлы жолмен некелесуге, ажырасуға рұқсат етілді
Араб елінде мұсылман еместерге зайырлы жолмен некелесуге, ажырасуға рұқсат етілді
2 жыл бұрын 1225 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Әбу-Даби әмірлігінде мұсылман емес тұрғындарға зайырлы жолмен некелесуге, оны тіркетуге, ажырасуға, балаларға қамқорлықты ресімдеуге, әкелікті ресімдеуге (яғни, асырап алған балаға немесе балалы жесір әйелге үйленгенде) рұқсат етілді, мұрагерлікті тағайындауға, т.б. ресми рұқсат берілді. Бұл жайында islam.kz порталы The Hindu ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жергілікті билік бұл тарапта тиісті шешім шығарып қойды. Дәлірегі, Әбу-Даби әміршісі әрі Біріккен Араб Әмірлігінің президенті, шейх Халифа бин Зайед ан-Нахайян жарлыққа қолын қойды. Сөз орайы келгенде айта кету керек, аталған араб елінде азаматтық және отбасылық құқықтар шариғат талаптарына негізделген. Алайда, елдегі мұсылман емес тұрғындардың отбасылық мәселесі заңнама тұрғысынан әлі күнге реттелмеген. Міне, осыны ескерген Әбу-Даби билігі тиісті шешім шығаруға тура келген. Бұл бағытта Әбу-Дабиде мұсылман емес тұрғындардың отбасылық мәселесін ресми шешуге арнайы сот құрылады. Азаматтық және отбасылық істер араб және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Осы орайда өткен жылы БАӘ билігінің некелеспей тұрып төсек қатынасына баруды және ішімдік ішуді қылмыс санатынан ресми түрде алып тастағанын айта кетпекпіз – туристер мен инвесторлар тарту үшін.

0 пікір
Мұрағат