Жаһандық жылынудан атом электр стансаларының адамзатқа төндірер қауіп-қатері артады
Жаһандық жылынудан атом электр стансаларының адамзатқа төндірер қауіп-қатері артады
3 жыл бұрын 1938 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Әлемге әйгілі Гарвард университетінің Әлі Ахмет (Ali Ahmad) есімді ғалымы атом электр стансаларының соңғы жылдары жиі апатқа ұшырауын жаһандық жылынумен байланыстырып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы аталған зерттеу материалы жарияланған Nature Energy мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалым бұл тарапта жүргізген зерттеу барысында соңғы 30 жылда АЭС-тегі жиі орын алған апаттардың себебіне климат өзгерісінің қатысы бар-жоғын анықтауды алдына мақсат етіп қойған еді. Нәтижесінде жаһандық жылынудың АЭС-ті апатқа ұрындыру қатері бары белгілі болды. Әлі Ахметтің есебінше, соңғы он жыл бедерінде реактордың істен шығуы жылына 1,5 есеге, жылына апат 0,2-ға артқан. Бұл зерттеуде Әлі Ахмет тек жаһандық жылыну факторының АЭС ұмысына әсері ғана ескерілген, ал табиғи апаттардың, соның ішінде зілзала мен цунамиді ескерген емес. Ғалымның келтірген дерегіне қарағанда, күллі әлем бойынша АЭС-тің жаһандық жылынуға байланысты электр энергиясын өндіру шығыны орташа мерзімде (2046-2065 жылдары) 0,8-1,4 пайызды құраайды, ал ұзақ мерзімде (2081—2100 жылдар аралығында) бұл көрсеткіш 1,4-2,4 пайызға жетпек. Соңғы ылдары АЭС апаты мен жаһандық жылыну арасындағы байланыс мамандарды алаңдатып отыр. Бұрын сарапшылар АЭС саласын дамытуды жаһандық жылынуға қарсы күрестің маңызды құралы санаған еді, экологияға зияныжоқ энергия өндірісі үшін. Алайда, жаһандық жылынудың АЭС-тің апатқа ұшырау қатерін арттырып, қауіпсіздігін кемітетіні анықталып отыр.

0 пікір
Мұрағат