|
Тағы бір ел өлім жазасын қалпына келтірді
|
Буркина-Фасо парламентінің депутаттары өлім жазасын қалпына келтіруге дауыс берді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Африка құрлығындағы аталған елдің әділет министрлігінің мәлімдемесіне жөн сілтеген «Жаңалықтар» ресейлік ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған ел билігі мұндай қадамға қылмыстық кодексты жаңарту аясында барған. Буркино -Фасоның әділет министрлігі бұл тараптағы реформа ең алдымен қоғамдық тәртіпті нығайту, ел тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың дүние-мүлкін қорғау, сондай-ақ, қылмыс түрлерімен күресті күшейту үшін қолға алынып отырғанын хабарлады.
Ұқсас материал:
Араб елі орман өртегендерді өлім жазасына кесетін заңды қабылдады
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді