Тағы бір ел криптовалютаны заңдастарды
Тағы бір ел криптовалютаны заңдастарды
3 жыл бұрын 1497 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Орталық Африка республикасының ұлттық жиналысы криптовалютаны пайдалануға мүмкіндік беретін заңды қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталған елдің Ndeke Luka радио торабына жөн сілтеген news.mail ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта мұндай шешімге наразылық білдіріп өтті – халықаралық қаржы ұйымдары тарапынан санкция салынуы ықтимал екенін ескертті. Алайда, ОАР телекоммуникация пошта министрі Жастин Гурна Зако мұндай шараның қажеттілігіне депутттардың көзін жеткізді. Аталған заңның қабылдануына қарсылық білдірген депутаттардың айтуынша, мұндай шара елде ақша жымқыру, салықтан жалтару, терроризмді қаржыландыру секілді қылмыстардың артуына алып бармақ. Ал Жастин Гурна Зако мұндай шараның халықаралық заңнама талаптарына қайшы келмейтінін алға тартып отыр. Осылай деген ол бұл бағытта алғашқы қадам жасаған елдерде былай қойғанда Африка құрлығындағы Конго демократиялық республикасысының, Камерунның, Конгоның осындай қадамға баруға қам жасап жатқанын жеткізді. Таяуда ОАР-дың Орталық банкі елдегі цифрлы активтер айналамының қаржылық тетіктерін бекітетін болады.

Ұқсас материалдар: 

«Әлемде алғашқы криптовалюта картасы пайда болады» (https://islam.kz/kk/news/alem/alemde-algashqy-kriptovalyuta-kartasy-paida-bolady-16620/#gsc.tab=0);

«Ұлыбритания криптовалютаны заңдастырады» (https://islam.kz/kk/news/alem/ulybritaniya-kriptovalyutany-zandastyrady-16598/#gsc.tab=0);

"Криптовалютамен жасалған кез келген операция заңсыз деп танылды, қылмыстық жауапкершілік қарастырылады" (https://islam.kz/kk/news/alem/kriptovalyutamen-jasalgan-kez-kelgen-operatsiya-zansyz-dep-tanyldy-qylmystyq-jauapkershilik-qarastyrylady-16540/#gsc.tab=0);

"Қытайда криптовалютаға не үшін тыйым салынды?" (https://islam.kz/kk/news/alem/qytaida-kriptovalyutaga-ne-ushin-tyiym-salyndy-8795/#gsc.tab=0);

"Ресейде криптовалютаға заңмен тыйым салынды" (https://islam.kz/kk/news/alem/reseide-kriptovalyutaga-zanmen-tyiym-salyndy-13336/#gsc.tab=0);

"Саудия криптовалютаға тыйым салмай, керісінше оның айналымын заңмен реттемек" (https://islam.kz/kk/news/alem/saudiya-kriptovalyutaga-tyiym-salmai-kerisinshe-onyn-ainalymyn-zanmen-rettemek-9666/#gsc.tab=0);

"Тағы бір мұсылман елі криптовалютаға тыйым салды" (https://islam.kz/kk/news/alem/tagy-bir-musylman-eli-kriptovalyutaga-tyiym-saldy-9684/#gsc.tab=0);

"Түркия криптовалютаға дайын ба" (https://islam.kz/kk/news/alem/turkiya-kriptovalyutaga-daiyn-ba-11087/#gsc.tab=0);

"Осымен үшінші мұсылман елі криптовалютаға тыйым салады" (https://islam.kz/kk/news/alem/osymen-ushinshi-musylman-eli-kriptovalyutaga-tyiym-salady-9277/);

"Иранның криптовалютасы шығарылады" (https://islam.kz/kk/news/alem/irannyn-kriptovalyutasy-shygarylady-11960/#gsc.tab=0);

0 пікір
Мұрағат