Әлемде алғашқы криптовалюта картасы пайда болады
Әлемде алғашқы криптовалюта картасы пайда болады
2 жыл бұрын 1721 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Кескін: Business Wire / AP

Nexo криптокомпаниясы әлемде алғаш рет криптовалютамен қамтамасыз етілген төлем картасын шығару үшін Mastercard төлем жүйесімен әріптестік орнатпақ. Бұл жайында islam.kz порталы Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай өзгеше төлем картасы Еуропаның жекелеген елдерінде пайда болмақ. Карта иелері өздерінің цифрлық активтерін сатпай-ақ ақшасын жұмсай алатын болады: ол несие кепілдігі ретінде қызмет етпек. Несие картасы ештеңемен қамтамасыз етілмегендіктен белгілі бір шектеу (лимит) қойылады. Nexo ұсынған несие желісіне байланған, криптоактивтермен қамтамасыз етілген карта арқылы Mastercard төлем жүйесі қосылған әлемнің әр түкпіріндегі 100 миллиондаған сауда орындарында сауда жасауға болады. Карта ұстаушылар криптовалюта құнының 90 пайызын жұмсай алады.

0 пікір
Мұрағат