Саудия криптовалютаға тыйым салмай, керісінше оның айналымын заңмен реттемек
Саудия криптовалютаға тыйым салмай, керісінше оның айналымын заңмен реттемек
6 жыл бұрын 2364 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Саудия билігі мұсылман елдерінің бәрі болмаса да бірнешеуі тыйым салып тастаған криптовалюта айналымын заңмен реттемек. Осыған орай аталған елдің капитал нарығы басқармасы жақын арада виртуалды ақшаны реттеу туралы заң жобасын ұсынатын болады. Аталмыш басқарма төрағасы Мұхаммед әл-Кубайс криптовалютаға тыйым салынбайтынын жеткізді. «Өзге елдер секілді Сауд Арабиясы да криптовалюта нарығының даму барысын ден қоя бақылап отыр. Біз әзірге бұл саланы қалай реттеуге болатынын түсінгіміз келеді»,- деп мәлімдеді ол. Айта кететіні, осы уақытқа дейін Саудия билігі биткоин саудасымен байланысты қандай да бір шектеу енгізбеген ел. Саудияның орталық банкі бұрын криптовалютаны реттеудің әлі ерте екенін, өйткені, бұл саланың нарығы әлі толық қалыптаспағанын және қаржы нарығындағы криптовалютаның әсерін бағалау үшін кем дегенде бес жыл уақыт керек екенін мәлімдеген болатын. 

0 пікір
Мұрағат