Ағылшындар қырғыздардың табиғатта сирек кездесетін элементтерін өндіретін болды
Ағылшындар қырғыздардың табиғатта сирек кездесетін элементтерін өндіретін болды
11 күн бұрын 338 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қырғызстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі Ұлыбританияны 2024-2026  жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы аясындағы келісімге сәйкес ел аумағындағы табиғат сирек кездесетін элементтерді өндіруге жіберетінін хабарлады. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Екі жақты ынтымақтастықтың келешегін Ұлыбританияның СІМ жетекшісі Дэвид Кэмерон мен Қырғызстан СІМ басшысы Жәнібек Құлыбаев талқылады. Қырғыз тарапы ынтымақтастықтың бағыттары туралы айта келе инвестицияларды, сауда-саттықты, сирек жер металдарын бірлесіп игерудің және «жасыл» энергетикаға көшудің маңыздылығына тоқталды. Британдық әріптесі өз кезегінде Ұлыбритания билігінің Қырғызстанмен және Орта Азияның басқа да мемлекеттерімен ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екенін растады. Табиғатта сирек кездесетін металдар - көптеген заманауи электрондық құрылғылардың маңызды, құрамдас бөлігі. Олар көбінесе «өнеркәсіп дәрумендері» деп аталады, өйткені, олардың шағын концентрациясының (шоғырлану деңгейі) өзі құрылғылардың сапасын артырып, жұмыс істеу қабілетін күшейтеді.

0 пікір
Мұрағат