“Сомали моделі”: Африка елдері Түркияға қолқа салып жатыр
“Сомали моделі”: Африка елдері Түркияға қолқа салып жатыр
9 сағат бұрын 118 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Түркия Африка құрлығындағы ықпалын белсенді түрде кеңейтіп келеді. «Сомали моделі» негізіндегі ынтымақтастық бойынша. Бұл жайында islam.kz порталы maariv.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Яғни, Түркия билігі сарапшылар «Сомали моделі» атап кеткен әрі бірегей әдіс деп таныған схемасымен өзара әрекет ету арқылы қойнауы минералды ресурстарға бай, стратегиялық маңызы зор құрлықтағы ықпал ету аймағын ұлғайтып келеді. Түркияның қорғаныс министрлігі африкалық мемлекеттердің көбісі Сомали үлгісі бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен экономиканы дамыту бағытында өтініш блдіріп жатқанын мәлімдеді.

Гуманитарлық миссиядан стратегиялық альянсқа дейінгі серіктестік мәні

2011 жылы Түркияның сол кездегі прмьер-министрі Режеп Тайып Ердоған талай жыл бойы жайлаған құрғақшылықпен күресіп жатқан Сомали халқына қолұшын созып, аса ауқымды гуманитарлық көмек көрсетті. Осы он бес жылда бұл қадам толыққанды геосаяси одаққа айналды. Бүгінде Түркия аталған елде аса маңызды стратегиялық инфрақұрылым тораптарын, соның ішінде айлақтар мен әуежай да бар, басқарып отыр. Бұдан бөлек, Түркия шетелдегі аса ірі әскери базасын Сомали аймағына орналастырды.

Африка елдері неге Түркияны таңдап отыр?

  • · Ең бастысы – тайпа, топ-топқа бөлініп, өзара азасаттық соғыстан көз ашпаған африкалық елдерде ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеті күн тәртібіндегі өзекті мәселеге айналған. Түркия осы міндетті орындауға күш салады. Түркияның кешенді міндеттері мынадай:
  • · Қауіпсіздік: Түркия африкалық елдің ұлттық қарулы күштерін әскери дағдыларға баулиды. Түркия өзінің замануи әскери технологиясымен жабдықтайды. Радикалды топтарды ауыздықтайды;
  • · Инфрақұрылымды дамыту: Түркия өзі ынтымақтасқан африкалық елдің аса маңызды нысандарына инвестиция салады, әлеуметтік базасын қалыптастырады;
  • · Экономикалық прагматизм: Түркия сол елдің ресурстарын бірігіп пайдаланады. Яғни, түсен пайда мен өзге де ресурстарды тек түрік операторлары иеленіп қоймай, жергілікті қауымдастықен де бөліседі. Ресурсты бөлуде теңдік пен әділдік принципі басшылыққа алынады.

Жаңа көкжиектер

Сарапшылардың пікірінше, Түркия бұл тәсілді Нигер мен Буркина-Фасода да қолдануы мүмкін. Келесі қадамы – климаттық, саяси, т.б. факторлардан экономикасы шатқаяқтаған, қауіпсіздігі сын көтермейтін, аштық қатері төнген Судан болуы мүмкін. Бұған қоса, Түркия аталған елде технологиялық жобасын жүзеге асыруы мүмкін, дәлірегі, ғарыш айлағын салуы ықтимал. Десе де сарапшылар Африка құрлығына тек Түркия ғана емес, сонымен қатар, әлемнің алып державалары да, соның ішінде Израил де, Біріккен Араб Әмірлігі де, Қытай мен Америка құрама штаттары да, Еуропалық одақ та көз тігіп отырғанын, сол себепті, Африка құрылығы ірі ойыншылардың қақтығыс алаңына айналып кету қаупі жоғары екенін ескертеді. 

0 пікір
Мұрағат