Баласы жоқ ересектерге салық көтерілуі мүмкін – қарттар күтімі үшін
Баласы жоқ ересектерге салық көтерілуі мүмкін – қарттар күтімі үшін
9 сағат бұрын 114 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Германия федеративті республикасының денсаулық сақтау министрлігі таяуда ұсынған заң жобасында елдегі қарттарды күту жүйесінің сыр беруіне байланысты саналы түрде перзент сүюден бас тартқан, яғни, ұрпақ өрбітуге қабілетті бола тұра балалы болудан қашқан ересектерге салынатын салықты көтеру бастамасы көтерілген. Бұл жайында islam.kz порталы Deutsche Welle ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша неміс билігі қартаю процесінің қарқын алуына байланысты көбейген әлеуметтік шығыннның орнын баласыз өмір сүруді қалайтындар есебінен толтыруды ұйғарып отыр. Немістің RND медиа тобының есебіне сәйкес федералдық денсаулық сақтау министрі Нина Варкен ұсынған аталмыш заң жобасын баласыз ересектердің жарналары бірнеше жыл қатарынан біртіндеп 0,7% -ға ұлғаяды, яғни, олар ай сайын өз кірістерінің 2,5% -ын төлейтін болады. Жұмыс берушіден 1,8% төлем алынады. Балалары бар ересектер үшін көрсеткіштер өзгеріссіз қалады: бір баласы бар адамдар үшін 1,8%, екі баласы бар адамдар үшін 1,55% және үш және одан да көп балалары бар адамдар үшін 1,3% ұсталады. Бұл ереже талаптары толық жұмыс күні бойынша жұмыс істейтін 23 жастан асқан ересектерге қатысты болады. Осы орайда Германиядағы "Destatis" федералдық статистикалық агенттігінің жуырдағы есебінде келтірілген дерекке сәйкес Германиядағы жастардың 40%-дан астамы мигранттардың балалары болып шыққанын айта кетпекпіз. Германияның көптеген ірі қалаларында балалар мен жасөспірімдердің жартысынан астамының тегі басқа елден келгендермен байланысты болып шыққан. Соның ішінде — түрік, сириялық, ауғандық, украиналық гендер анықталған. Бұл көрсеткіш бүкіл Германия бойынша жастар арасында 42–43%-ға жетеді екен, ал ірі қалалардың кейбір аудандарында қазірдің өзінде 70%-дан асқан. Осыны айтып, дабыл қаққан Германия үкіметті миграциялық ережелерді қатаңдатып жатыр.

0 пікір
Мұрағат