Ширек ғасырдан соң адамзаттың жартысынан көбісі семіздік індетіне шалдығып, артық салмақтан зардап шегеді
|

Аурулардың жаһандық ауыртпалығы (GBD) ынтымақтастығының ғалымдары 1990-2021 жылдар аралығында семіздік пен артық салмақ көрсеткіштерінің қалай өзгергенін талдады. Бұл жайында islam.kz порталы knife.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сараптама нәтижесінде осы кезеңде семіз және артық салмағы бар адамдардың үлесі ерлер арасында 155,1% (1 миллиард жер тұрғыны) және әйелдер арасында 104,9% (1,1 миллиард) ұлғайғанын көрсетіп берді. Көрсеткіштердің өсуі бойынша көшбасшылар арасында Қытай бар: шамамен 402 миллион адам семіздік індетіне шалдығып, артық салмақтан зардап шегеді. Екінші орында - Үндістан (108 миллион), үшінші орында – Америка құрама штаттары (172 миллион). Ғалымдар осы деректің негізінде болашақта семіздік індетіне шалдығатындар мен аартық салмақтан зардап шегетіндер қарасының артатынын болжап отыр, дәлірегі, адамзаттың жартысынан көбісі, яғни, 3,8 млрд адам осындай проблемадан зардап шегетін болады.




