Еуропа елінде жалаңбас суретке түскен мұсылман әйелдің фотосын сақтауға тыйым салынайын деп жатыр
|

Ұлыбритания парламенті шариғат шәлісінсіз суретке түскен мұсылман әйелдің фотосын сақтауды, жариялауда және таратуды қылмыстық іс деп танитын түзетуді заңнамасына енгізейін деп жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Daily mail агенттігіне жөн сілтеген Liter.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Британияның қауымдар палатасының әйелдер ісі және тең құқық жөніндегі комитеті мұсылман әйелдің келісімінсіз, орамалсыз, яғни, жалаңбас түсірілген фото-суреттерін интимді суреттерге теңестіруді және төсек қатынасындағы зорлық фактісі ретінде қарауды ұсынды. Яғни, жалаңбас суретке түскен мұсылман әйелдің суретін жалаңаш әйелдің суретімен теңестіріп, сексуалды зорлықтың белгісі ретінде тануды қарастырып жатыр. Жалаңбас суретке түскен мұсылман әйелді таспаға тартып алған, оның фотосын сақтаған, жариялаған және таратқан адам қылмыскер есебінде болады. Аталмыш түзету қабылданса, осы жылдың соңына таман қолданысқа енеді. Қазіргі заңнамаға сәйкес интимді бейне ретінде тыр жалаңаш немесе жартылай жалаңаш адам бейнеленген, сондай-ақ, жыныстық қатынас кезінде бейнеленген, дәретхананы пайдаоану кезіндегі бейнені интимді бейне ретінде танылады. Депутаттардың пікірінше, мұндай анықтаманы қайта қарастыру керек. Өйткені, кейбір елдерде, мәдениеттерде немесе діни сенімдерде діни киімінсіз бейнеленген адамды немесе бөгде адам құшақтаған адамның суретін жариялау арты ауыр салдарға соқтыратын әрекет ретінде алғға шығады.




