|
Шиғалар елі электр энергиясын өндіруден әлемнің алғашқы ондығына енді
|
Парсылардың IRNA ақпарат агенттігінің таратқан хабарына қарағанда, биыл, яғни, 2019 жылдың наурыз айының 21-нен бастап Иран әлемдегі ең ірі электр энергиясын өндіруші елге айналған. Дәлірегі, әлемдегі алғашқы ондық құрамына енген. Электр энергиясын өндіруден. Шиғалардың Mehr жаңалықтар қызметі келтірген дерекке үңілсеңіз, 2019 жылдың наурыз айының 21-нен бастап Иранның Жылу электр кешені 82 000 мегаватт электр энергиясын өндірген. Иранның Гидро-электр стансасы 12 000 МВт электр энергиясын өндірген. Иран билігі кейінгі кезде экологияға қауіпсіз, қоршаған ортаға зиянсыз жаңғыртпалы энергия көздеріне көшу қамына кірісіп, жел диірмендерін, күн батареяларын салып жатыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Саудия шетелдік жұмысшылар отбасына виза ашу ережесін өзгертті
■
Өзбектер кедейлерді қолдаудың өзгеше әдісін тапты
■
Араб елі өз-өзіне қол жұмсауға оқталғандарға қарсы қылмыстық жазаны жойды
■
Ақшаның жылыстауы бойынша Парсы шығанағы елдері көш бастады
■
Бірер жылдан соң григориан күнтізбесі бойынша бір жылда үш айт мен екі қажылық маусымы болады