Саудия шетелдіктерге визаны қашан бере бастайтынын жария етті
Саудия шетелдіктерге визаны қашан бере бастайтынын жария етті
5 жыл бұрын 2605 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Саудия билігі осы жылдың қыркүйек айының соңына таман шетелдіктерге виза бере бастайды. Дәлірегі, қыркүйектің 27-і күні шетелдіктерге виза беріледі. Al Arabiya телеарнасының таратқан хабарына қарағанда, Саудияға саяхаттағысы келетін туристер визаны аталған елдің өзінде, барған бетте аштыра алады немесе онлайн өтінішті толтырса, жетіп жатыр. Саудия визасы әлемнің 51 елінің азаматтарына 90 күнге дейін беріледі. Виза құны 118 долларды құрайды әрі міндетті медициналық сақтандыруды қамтиды. Аталмыш монархиялық ел билігі визаны аштыруға бірнеше минут қана кететінін әрі осыдан кейін шетелдік азаматтар елшілікке барып жатпайтынын мәлім етті. Саудия билігі 2030 ылға қарай елге келетін туристер санын жылына 30 млн адамға дейін жеткізуді көздеп отыр. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 16 млн-нан аспай тұр. Алайда, олардың арасында туристер жоқ, Саудияға іскерлік сапармен, еңбек мигранты ретінде, т.б. мақсатта келгендер есебінен осындай көрсеткішке қол жеткізген. 

0 пікір
Мұрағат