|
Шешенстанда тұңғыш рет халал теміржол бекеті ашылды
|
Шешенстан астанасы – Грозный қаласында жолаушылар инфрақұрылымы ресми түрде «Халал» стандартына сай сертфикатқа ие болды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде regions.ru ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Теміржол бекетінің шариғат талаптарына сай келетінін растайтын құжат жолаушылар кешенінің өкіліне Ресей – Исдам әлемі: KazanForum 2026 халықаралық іс-шарасы аясында табыс етілді. Аталған бекеттің ашылғанына көп уақыт өте қоймаған, бар-жоғы – бір жыл, алайда, осы қысқа мерзімде аймаққа танымал орынға айналған. Замануы сәулеті мен сәні келіскен әрі инженерлік тосын шешімдерімен ерекшеленетін бекетке ұқсас инфрақұрылым күллі Ресей аумағында кездеспейді. Жолаушылар бұл кешенде цифрлы қызмет түрлерін, тегін Wi-Fi-ды, жүк сақтаудың автоматты жүйесін, аанықтама терминалын, ана мен бала бөлмесін пайдалана алады. Ең бастысы – намаз оқитын бөлмелерімен, шариғат талаптарына сай әзірленген ас-суы бар асханасымен жабдықталған.