|
Түнгі жарық соңғы жылдары 34%-ға артқан
|
2014-2022 жылдар аралағында Жердің түнгі жарығы орташа есеппен 34%-ға артқан. Бұл жайында islam.kz порталы спутник деректерінің талдау нәтижесі жарияланған Nature мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдардың мұндай қорытындыға келуіне Suomi-NPP, NOAA-20 және NOAA-21 спутниктеріндегі VIIRS (Visible Infrared Imaging Radiometer Suite) сенсорларынан алынған мәліметтер негіз болды. Жасанды жер серігі сәулеленуді жасыл сәуледен жақын инфрақызыл сәулеге дейінгі диапазонда тіркеген, ал арнайы алгоритмдер жасанды жарықты Айдағы шағылысқан жарықтан және полярлық сәулелерден ажырата алады. Жаһандық жарық деңгейі өскенімен жекелеген елдер мен өңірлер бойынша айырмашылықтар да байқалған, дәлірегі, мұндай айырмашылық көбінесе көршілес аймақтарға мән болып келеді. Мәселен, Америка құрама штаттарының батыс жағалауындағы қалаларда қоныстанған халық санының өсуіне байланысты жарық деңгейі артса, ал шығыс жағалауының көп бөлігі керісінше қараңғы тартқан. Сарапшылар бұл құбылысты энергияны мейлінше үнемдейтін, яғни, тиімді жарықдиодтарды кеңінен қолдануымен және экономиканы қайта құрумен байланыстырады. Урбанизация процесіне байланысты Қытай мен Үндістанның солтүстігінде түнгі жарық деңгейі күрт өскен, сонымен қатар, жарық диодтары мен энергияны үнемдеу шаралары Парижде және бүкіл Францияда (33%-ға төмендеген), Ұлыбританияда (22% -ға) және Нидерландыда (21% -ға) қоршаған ортаның жарықпен ластану деңгейінің төмендеуіне алып келді