|
Шариғат шәлісі христиандарға да жат емес
|
Австралияның Квинсленд елдімекеніндегі христиандар мектебінің әкімшілігі жолдамамен тәжірибеден өтуге келген педагогикалық жоғары оқу орнының екі түлегін шариғат шәлісін жамылғаны үшін қабылдаудан бас тартты. Мектеп директоры Марк Бенсли: «Менің парызым – колледждің барлық оқутышысы мен мұғалімдерінің христиан ережелерін, әдет-ғұрпын қатаң сақтауын қадағалау»,- деген уәж айтты.
Десе де, жергілікті христиан священнигі Аннели Синнко мектеп директорының бұл қадамымен келіспей отыр. Ол Марк Бенслидің христиан дінінің негізгі қағидаларын өрескел бұрмалап, ақтауға келмейтін ағаттыққа жол беріп отырғанын көлденең тартты. Священник монахинялардың да басына жаулық тартаныны, шариғат шәлісінің христиандарға да жат еместігін жеткізді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қытай әлемде алғашқы болып пластик жол төседі (видео)
■
Израилдің жаңа қаруының артықшылықтары көрсетілді (видео)
■
Бір ауру түрінен күн сайын күллі әлемде 26 мың адам қайтыс болады
■
Алдындағы автокөліктерді «аттап» өте алатын Jeep жұртшылық назарына ұсынылды (видео)
■
Түркия донер өндірісіне қойылатын талапты күшейтті