|
Саудия шетелдік жұмысшылар отбасына виза ашу ережесін өзгертті
|
Сауд Арабиясы шетелдік жұмысшылардың отбасы үшін виза ресімдеу ережелерін өзгертті. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде елдің ішкі істер министрлігіне жөн сілтеген Arabian Business ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Шетелдік жұмысшылардың отбасы мүшелеріне қатысты виза ресімдеу тәртібіне сәйкес ерлі-зайыптылар мен балалары елге кіру визаларын отағасының жұмыс визасымен бір мезгілде ала алатын мүмкіндікке ие болды. Бұл жаңалық тек білікті шетелдік қызметкерлерге ғана қатысты. Саудияға кіру визасын негізгі өтініш берушімен бір мезгілде жұбайы немесе зайыбы, 25 жасқа дейінгі ұлдары және тұрмысқа шықпаған қыздары ала алады. Бұған дейін отбасы мүшелері негізгі өтініш берушінің жұмыс визасын ресімдеудің аяқталуын күтуге тура келген. Енді ереже талаптары жеңілдетілді.
Ұқсас материал: