«Сайқымазақ» статистика мұсылмандарға қатысты стеоротипті сейілтті
«Сайқымазақ» статистика мұсылмандарға қатысты стеоротипті сейілтті
3 жыл бұрын 2597 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Соңғы жылдары әр нәрсені (соның ішінде көп әйел алуды тек мұсылмандар насихаттайды деген жаңсақ ұғымды) желеу етіп мұсылмандарға қарсы «крест жорығын» бастаған үнді радикалдары ел аумағындағы кезінде мұсылман әміршілерінің пәрменімен тұрғызылған, бүгінде тек үндінің ғана емес, күллі адамзаттың ортақ игілігі мен құндылығына айналған мәдени ескерткіштер мен кесенелерді, мешіттерді қиратып, олардың атауын өзгертіп, жергілікті мұсылмандарды көзге шыққан сүйелдей етіп, зорлық-зомбылық пен қысастың неше атасын көрсетіп келе жатыр. Халықаралық құқық қорғау ұйымдарының сыны мен ескертуіне құлақ асар емес. Келсін, келмесін, барлық жағынан мұсылмандарды жаманатты етіп, жақпаған бәлесі, жаппаған жаласы қалмады. Сондай жалалардың бірі – мұсылмандар көп әйел алады, мұсылмандар әйелдерге мал сияқты қарайды деген керітартпа түсініктің жетегінде кеткен үнді радикалдарының сандырағын таяуда жүргізілген Үндістанның демографиялық ахуалына қатысты мәліметтер сараптамасы теріске шығарып отыр. Әлбетте, Үндістанда да полигимия (көп әйел алушылық) формалды түрде тыйым салынған тақырыптардың бірі. Соған қарамастан тарихи-әлеуметтік деректер не дейді? 1974 жылғы мағлұмат бойынша Үндістанда көп әйел алған мұсылмандар қарасы өзге наным-сенімдегілерге қарағанда аз болып шыққан: мұсылмандар -  5,7%; буддашылар - 9,7%; индустар - 5,8%; жабайы тайпалар - 15,3%. Бұдан бөлек, әлеуметтанушылар тағы мынадай бір заңдылықты анықтады –индус отбасындағы балаларға қарағанда 5 жасқа дейінгі аман-есен жететіндер қарасы бойынша мұсылман отбасында дүниеге келген балалар қарасы көп. Дәлірегі, мұсылман отбасында дүниеге келген балалар арасындағы 5 жасқа дейінгі өлім-жітім индус отбасындағы балаларға қарағанда  18%-ға төмен. Бұл елде мұсылмандардан бұрын индустардың әлеуметтік мәртебесі мен жағдайы әлдеқайда жақсы болғанына қарамастан.  Индус отбасында дүниеге келгендердің білім алудағы, еңбек нарығындағы, т.б. көп артықшылық мұсылмандардың түсіне де кірмейді.  Бұл жайында islam.kz порталы The Print ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бір қызығы, ғалымдар мұның сырын білу үшін өз зерттеуін жүргізген екен. Нәтижесінде мұсылман отбасында қыз балаларға көзқарасқа байланысты болып шықты: индус отбасында қыз бала көтерсе, түсік жасату, қыз бала дүниеге келсе, оларға дұрыс қарамау – тек ер балаларды артық көрудің салдарынан 5 жасқа жетпей көктей солады.

0 пікір
Мұрағат