Адамзатқа аса қажет ресрус таусылайын деді
Адамзатқа аса қажет ресрус таусылайын деді
3 жыл бұрын 2947 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Дания мен Ұлыбритания мамандарынан жасақталған халықаралық ғалымдар тобы адамзаттың көп ұзамай өмірлік маңызы зор ресурстар санатынан саналатын фосфор тапшылығына кез болатынын алға тартып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы pubs.acs.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Яғни, ауыл шаруашылығы өнімдеріне қажетті аталған ресурстың таусылып, тапшылыққа айналуына минералды тыңайтқышты ұқыпсыз пайдалану себеп болып отыр. Егер фосфор таусылса, аштық жайлайды. Соңғы 50 жыл мұғдарында фосфор тыңайтқышын пайдалану мөлшері 50 есеге артып кеткен, ал 2050 жылға қарай оған деген сұраныс тағы екі есеге артатын болады. Егер қазіргі қолдану қарқыны бәсеңсімесе (бұл мүмкін де емес – адамзат санының көбеюіне байланысты ауыл шаруашылық өнімдеріне деген сұраныс жылдан жылға шапшаң артып келеді), фосфор 80 жылдан кейін мүлдем таусылады. Ал үнемдеп пайдаланған күннің өзінеде ары кетсе 400 жылдан кейін таусылады, кейбір дерек көздерінде фосфор қоры 40 жылға ғана жететіні айтылып жүр. Фосфорды үнмемдеп, ұқыпты пайалану ең алдымен қайыра пайдалану жолдарын ұйғарады: ол үшін тұйық рециркуляция жүйесіне көшу керек – мұндай жүйе фосфатты тыңайтқыш, отын немесе тағам өнімі ретінде 46 мәрте пайдалануға мүмкіндік бермек.

Ұқсас материалдар: 

"Адамзат ұдайы тұтынатын негізгі қазба байлықтардың қоры қаншаға жетеді" (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/arturli/adamzat-udaiy-tutynatyn-negizgi-qazba-bailyqtardyn-qory-qanshaga-jetedi-11214/#gsc.tab=0);

"Ширек ғасырға жетпей қандай аса маңызды пайдалы қазбалар мүлдем таусылады" (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/arturli/shirek-gasyrga-jetpei-qandai-asa-manyzdy-paidaly-qazbalar-muldem-tausylady-11174/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат