|
Ресейде әрбір төртінші азамат халал өнім тұтынады
|
Ресей Федерациясында халал индустриясы жылдам дамып келе жатқан сала. Дәлірегі, аталған ел тұрғындарының ширегі, яғни, 25%-ы тек шариғат талаптарына сай сойылған мал мен құс етін тұтынады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде бұл бағытта арнайы сауалнама жүргізген ORO маркетингтік зерттеу агенттігіне жөн сілтеген Sostav ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сарапшылардың пікірінше, халал азық-түлік өнімдерінің танымалдылығына олардың cапасы себеп болып отыр. Татарстанда халықтың 77%-ы, ал Мәскеу қаласында тұрғындардың 37%-ы халал өнімдер тұтынады. Қиыр шығыста халықтың тек 9%-ы ғана шариғат талаптарына сай әзірленген өнімдерге басымдық береді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қытай әлемде алғашқы болып пластик жол төседі (видео)
■
Израилдің жаңа қаруының артықшылықтары көрсетілді (видео)
■
Бір ауру түрінен күн сайын күллі әлемде 26 мың адам қайтыс болады
■
Алдындағы автокөліктерді «аттап» өте алатын Jeep жұртшылық назарына ұсынылды (видео)
■
Түркия донер өндірісіне қойылатын талапты күшейтті