Қытайдың жасанды ормандарының табиғи орман-тоғайға қарағанда артықшылықтары аталды
Қытайдың жасанды ормандарының табиғи орман-тоғайға қарағанда артықшылықтары аталды
1 сағат бұрын 46 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытайда жасанды орман алқаптары табиғи алқаптардан жылдам дамуда. Бұл жайында islam.kz порталы Scientica ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Йуйхан Ло есімді ғалым жетекшілік еткен Бейжің университеті ғалымдарының жүргізген зерттеуінің арқасында Қытайда жасанды орман алқаптары табиғи алқаптардан жылдам дамып келе жатқаны белгілі болды. «Ұлы жасыл қабырға» ауқымды жобасы 1978 жылы басталды - оның мақсаты Гоби және Такла-Макан шөлдерінің таралу қарқынын тежеу және лажы болса біржола тоқтатуға саяды. Осы уақыт ішінде 66 миллиард ағаш отырғызылған екен. Осы ғасырдың ортасына таман Қытай билігі тағы 34 миллиард көшет отырғызуды жоспарлап отыр. Осылайша қолдан отырығызылған ағаштардың жалпы саны 100 миллиардқа жетеді. Қытай аумағындағы орман алаңы үш есе өседі: 5% -дан 15% -ға дейін. Орман белдеуі мемлекеттік шекараға параллел солтүстік құрғақ өңірлердің бойымен шамамен 4500 шақырымға созылып, 4 млн шаршы шақырымды құрайтын болады. Спутник арқылы ғарыштан таспаға тартылған суреттер адам қолынан пайда болған орман-тоғайдағы жасыл жерек жамылғысының қалыптасуы табиғи орманға қарағанда 66% -ға жылдам жүретінін көрсетеді. Сарапшылардың пікірінше, мұндай айырмашылық немесе жетістік қолдан отырығызлған ағаштардың жасымен, ұдайы күтім көрумен және тез өсетін тұқымдармен байланысты. Тіпті, жерден енді қылтиып келе жатқан табиғи шыбықпен бірдей көшеттің өсу жылдамдығын салыстырып көргенде жасандытүрі өсу жылдамдығы бойынша табиғи көшеттерден 4,6% -ға озады. Алайда, уақыт өткен сайын табиғи ормандар неғұрлым орнықты болып келеді. Ватерлоо университетінен Кевин Д'Соуза орман шаруашылығын сауатты басқару қажеттігін атап өтті: отырғызу уақытын, өсімдіктердің қолайлы түрлерін дұрыс таңдау және тиісті күтімді қамтамасыз ету маңызды. Осы орайда айта кетсек, ресми статистика көшеттердің 40-60%-ы ғана аман қалатынын көрсетеді. Тәуелсіз сарапшылар бұл көрсеткішті небәрі 15%-дан аспайтынын алға тартып отыр. 

0 пікір
Мұрағат