Қытай ақшасы трансшекаралық сауда-саттық валютасына айналды
Қытай ақшасы трансшекаралық сауда-саттық валютасына айналды
1 жыл бұрын 1349 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қытайдың төл ақшасы – юан трансшекаралық сауда-саттықта ең көп пайдаланылатын валюта ретінде АҚШ долларын басып озған. Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg әскерлік ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш ақпарат агенттігінің SWIFT халықаралық төлем жүйесі негізінде жүргізген зерттеу нәтижесіне сәйкес Қытай халық республикасының трансшекаралық сауда-саттығындағы юан үлесі наурыз айында 48%-ға жеткен екен. Ал бұл көрсеткіш 2010 жылы нөлге жақын болатын. Аталған мерзімде Қытайдың сыртқы сауда-саттық операцияларында доллардың үлесі 83 пайыздан 47%-ға дейін кеміген. Аталған агенттік бұл мәліметті барлық мәміле түрін, соның ішінде капитал нарықтарындағы құнды қағаздар саудасына қатысты мәмілелер негізінде есептеп шығарған. China Daily мерзімді басылымының жазуынша, бұл жайт, дәлірегі, трансшекаралық есеп айырысуда юан үлесінің артуы өз кезегінде қытай компанияларына валюталық тәуекелді төмендетуге мүмкіндік бермек. Бұған қоса, қытайдың төл ақшасы әлемдік резервте сақтайтын доллардан кейінгі екінші валютаға айналып келеді. Бұл процесс Батыс елдерінің Ресей экономикасына санция салып, 400 млрд долларға тарта активтерін бұғаттағаннан кейін 2022 жылы басталып кеткен. Financial Times дерек көзінің келтірген мағлұматы бойынша 2022 жылы әлемдік сауда-саттық 32 триллион долларға жеткен, ал Қытайдың осы кезеңдегі сыртқы саудасының жалпы мөлшері 42,07 триллион юанды (6,2 триллион доллардан астам) құрады. Халықаралық валюта қорының өлшемі бойынша қандай да бір елдің ұлттық ақшасының резервтік валютаға айналуы үшін келесідегідей талаптар үддесінен шығуы тиіс:

- ұлттық экономикасы өркендеген ел болуы тиіс;

- валюта тұрақтылығы;

- Сыйымды және өтімді қаржы нарықтары.

Сыйымды және өтімді қаржы нарықтарында өзінің ұлттық валютасының толық айырбасталуын қамтамасыз ете алатын ел атануға Қытайға кедергі бар. Қытай экспортқа үлкен көлемде тауар шығарады, осыған байланысты Қытайға әлсіз юан қажет, әйтпесе басқа елдер қытайлық тауарларды сатып алуға мүдделі болмайды, өйткені, олардың бағасы өседі. Қазір Қытайдың жетістігі - төмен бағада. Сондай-ақ, әлсіз юанның көмегімен төмен бағаны ұстап отыр. Сондықтан юан қымбаттаса, Қытай билігі оны қолдан құнсыздандырады. Ал Қытайдың бұл тарапта өз таңдауы бар – юаньның еркін жүзуіне мүмкіндік беру немесе ірі экспорттаушы мәртебесін сақтап қалу. Сонымен қатар, Қытайдың пайдасына теріс келетін көптеген басқа факторлар бар, мысалы, осындай факторлардың біріне экономика мен қаржы жүйесін биліктің бақылауын жатқызуға болады. Юанның дооллардың орнын басуы екіталай, дегенмен, юан экономикалық жағынан дамымаған елдер үшін аймақтық резервтік валютаға айналуы әбден мүмкін. Қазірдің өзінде көптеген елдердің қорында юан бар: Ресей, Беларус, Нигерия, Малайзия, Оңтүстік Корея, Камбоджа және т.б. Қазір әлем көпполярлылыққа бет бұруда – қарапайым сөзбен айтқанда, юан доллар мен еуроның позициясын ығыстыра алады, алайда, ол оларды толығымен алмастыра алмайды.

0 пікір
Мұрағат