Мысыр туристерге жаңа салық түрін енгізеді
Мысыр туристерге жаңа салық түрін енгізеді
4 ай бұрын 677 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Мысыр парламенті шетелдік туристер үшін бірқатар алым-салық түрлерін енгізетін шешім қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы islam-today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырп мәлім етеді. Атап айтқанда, импортталатын қымбат тауарларға жаңа 10 пайыздық салық бекітілді. Бұған ішімдік түрлері, шоколад, жеміс-жидек, қуырылған кофе дәндері, асшаяндар, ысталған лосос (балық) және басқа да өнімдер кіреді. Сарапшылар мұның бәрі ең жоғары баға санатындағы қонақүйлерде сұранысқа ие екенін, тиісінше демалушыларға қосымша ақы төлеуді ұсынатынын нақтылайды. Бажсыз сауда дүкендері де бұл ережеден тыс қалмайды. Құны бес доллардан асатын тауарларға қосымша үш пайыздық, дәлірегі, тауарлардың әр данасы үшін 1,5 доллардан кем емес салық енгізу ұсынылып отыр. Дипломатиялық корпус өкілдеріне ерекше жағдай жасалған, дәлірегі, аталмыш ереже талаптары елшіліктегілерге жүрмейді. Сонымен қатар, демалушылардың көңіл көтеруіне салынатын салықтар да қарастырылған. Бұл тізімге қонақүйлердегі музыка мен би кештерінен бес пайыздық ақы кіреді. Сафари және дайвинг қызметтері құнының, соның ішінде тиісті құрал-жабдықтардың құнын ұйымдастырушылар мемлекет қазынасына 10 пайызын төлеуі керек. Шармен ұшу салығы 15 пайызды құрайды.

0 пікір
Мұрағат