Қырғыздар энергетикалық сусындарға заң жүзінде тыйым салды
Қырғыздар энергетикалық сусындарға заң жүзінде тыйым салды
3 ай бұрын 452 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қырғыз республикасының жоғарғы кеңесі (Жогорку Кенеш) энергетикалық сусындарға тыйым салу туралы заң жобасының тұжырымдамасын мақұлдады. Бұл жайында islam.kz порталы 24.kg ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әлеуметтік саясат комитетінің отырысында «Қырғыз Республикасының аумағына энергетикалық сусындарды әкелуге, өндіруге, өткізуге және сатуға тыйым салу туралы» заң жобасы қаралды. Бұл бастаманы жоғарғы кеңес депутаты Ұлан Бақасов көтерді. Ол заң жобасы азаматтардың денсаулығын сақтауға және энергетикалық сусындарды тұтынудан болатын зардаптарды азайтуға бағытталғанын атап өтті. Оның айтуынша, энергетикалық сусынның құрамында үш кесе кофе мен 14 ас қасық қант бар. Әлеуметтік саясат комитетінің төрайымы Винера Раимбачаева өзінің дәрігерлік тәжірибесінде энергетикалық сусындарды ішкеннен кейін жүрек ауруынан зардап шеккендердің көптеп кездескенін және балалар арасында сусамыр дертіне шалдыққандар қарасының артып кеткенін алға тартса, денсаулық сақтау вице-министрі Бүбүжан Арықбаева сусынның құрамында қырғыздардың денсаулығына үлкен қауіп төндіретін кофеин барын тілге тиек етті. Талқылау қорытындысы бойынша депутаттар заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады.

0 пікір
Мұрағат