Араб елі түсік жасату заңына өзгерістер енгізеді
Араб елі түсік жасату заңына өзгерістер енгізеді
8 ай бұрын 592 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірлігінде жекеменшік емханаларда денсаулығына немесе құрсақтағы шаранаға қауіп төнгенгенде аяғы ауыр әйелдің жүктілігін тоқтату процедурасына рұқсат етілетін болды. Бұл жайында islam.kz порталы The National  ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Анасының немесе құрсақтағы баланың денсаулығына қауіп төнгені туралы медициналық анықтамасы бар аяғы ауыр әйел бұдан былай түсік жасата алады. Алайда, түсік жасатудан бас тарту құқығын да пайдалана алады. Яғни, аяғы ауыр әйелдің келісімінсіз дәрігерлер ота жасай алмайды. 2023 жылдың қазан айында аталған ел билігі мақұлдаған заңда осындай талаптар қарастырылған. Бұрын аталған елде құрсақтағы шарананың мерзімі 120 күнге толмағанда және іштегі шарананың айықпас кеселі бары анықталғанда ғана түсік жасатуға рұқсат берілетін. Бұл жолы әйелдер құқығын кеңейтуге басымдық берілген. Соның ішінде суррогаттық ана атануды қылмыс қатарынан алып тастауы мүмкін және басы бос әйелдердің ЭКО бойынша ем-дом қабылдауына мүмкіндік берілмек. Осылайша, заңдағы өзгерістер туу туралы куәлікте ата-анасының екеуінің де аты-жөні көрсетілетін болса, некесі қиылмаған мұсылман емес жұптарға БАӘ-де ЭКО процедурасынан өтуге мүмкіндік береді. Ерлі-зайыптыларға суррогат ананы бала көтеру үшін пайдалануға тыйым салатын тармақ алынып тасталды. Суррогат ана құрсағындағы ЭКО биоматериалының донорлары бұрынғыша тек ерлі-зайыптылардың өздері бола алады, басқа нұсқалар заңсыз саналады. Аталмыш заңға енгізілген өзгертулердің бір парасы ұрықты пайдалану тәртібіне қатысты: ұрықтанған аналық жасуша қажет болған жағдайда трансплантацияға қажетті мөлшерді алу үшін 5 жылға дейін сақталады. Сақтау мерзімдері ата-аналардың жазбаша өтініші бойынша ұзартылуы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат