Қырғыздар да қартаю кезеңіне жақындап қалды
|
Қырғыз халқы да демографиялық жағымсыз кезеңнің табалдырығында тұр. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде ұлттық стаитистикалық комитет келтірген дерекке жөн сілтгеген 24.kg ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының шкаласына сәйкес 65 жастағылар мен бұл жастан асқандар қарасы халық санының 4 пайызынан төмен болса, мұндай халық жас халық саналады; егер 4-7 пайыз аралығында болса, мұндай халық қартаю кезеңінің табалдырығында тұрған болып есептеледі; егер егде жастағылардың үлесі 7 пайыздан жоғары болса, қартайған халық санатына кіреді. Осы жылдың (2023) басында 65 жастан асқан қырғызстандықтардың қарасы 378,1 мың адам немесе 5,4 пайызды құрады (2019 жылдың басында – 4,7 пайыз) болды. Десе де бұл көрсеткіш басқа ТМД елдерімен салыстырғанда төмен. Әзірбайжан мен Қазақстан - 8,5 пайыз, Ресей Федерациясы мен Беларус - 16,5 пайыз. БҰҰ болжамы бойынша Қырғызстанда шамамен 2030 жылы 65 және одан жоғары жастағы қарттардың үлесі 7 пайызға жақындайды.