2050 жылға қарай климаттық мигранттардың саны 1,2 млрд-қа жетуі мүмкін
2050 жылға қарай климаттық мигранттардың саны 1,2 млрд-қа жетуі мүмкін
8 ай бұрын 816 inform.kz Әлихан Асқар

Дубайда өткен COP-28 халықаралық климат форумы аясында «Өзбекстан» павильонында «Климаттық мигранттар, тәуекелдер және бейімделу» тақырыбында панельдік сессия өтті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі. 

Өзбекстан Экология министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, шараның мақсаты — климат өзгерген жағдайда тәуекелдер мен көші-қонға қатысты тәжірибе алмасу үшін Орталық Азия елдерінің мүдделі органдарын бірлесе жұмыс істеуге шақыру.

Өзбекстанның Экология министрі Азиз Абдухакимов климаттың өзгеруі салдарынан әлем елдері үшін бірқатар мәселе туындап отырғанын атап өтті.

Климат және өзге де себептерге байланысты дүниежүзі халқының жартысына жуығы су тапшылығына ұшырайды.

«Тиісінше олар өз аумағынан кете бастайды. Соңғы зерттеулерге сәйкес, климаттық мигранттардың саны 2050 жылға қарай 1,2 миллиардқа жетуі мүмкін», — деп тоқталды министр.

Зерттеу көрсеткендей, соңғы 50-60 жыл ішінде климаттың өзгеруі салдарынан Орталық Азиядағы мұздықтардың 30 пайызы еріді.

Соңғы бірнеше онжылдықта орташа жылдық температура 1,5 градусқа өсті.

0 пікір
Мұрағат