Қоқысты электр энергиясына айналдыратын станция салады
Қоқысты электр энергиясына айналдыратын станция салады
8 жыл бұрын 2449

Біріккен Араб Әмірліктерінде Таяу Шығыс аймағы бойынша қатты тұрмыстық қалдық пен қоқысты электр энергиясына айналдыратын алғашқы электр станциясы салынады. Жоғары технологиялы кәсіпорын құрылысына 550 млн долларға жуық қаражат жұмсалады. Аталған жоба Дубайды дамыту стратегиясының бір бөлігі болып табылады. Дубай муниципалитетінің бас директоры Хұсейн Насер Лутаханың айтуынша, электр станциясын тұрғызуға үш жыл кетеді. Яғни, 2020 жылы оны іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл электр станциясы бастапқы кезде күніне 2 мың тонна қатты тұрмыстық қалдық пен қоқысты 60 МВт электр энергиясына айналдыратын болады. Сарапшылардың сөзіне қарағанда, алғашқы 14 аптада осы елдің қоқыс төгетін жерінде жатқан қатты тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстарды 70 пайызға дейін азайтады. Оның күлі құрылыс материалдары үшін пайдаланылады.

0 пікір
Мұрағат