Қоғамдық орындарда қайыр тілеуге тыйым салынды
Қоғамдық орындарда қайыр тілеуге тыйым салынды
3 жыл бұрын 1923 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Нигериядағы Лагос штатының билігі қоғамдық орындарда қайыр тілеуге тыйым салып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде AfricaFeeds ақпарат көзіне жөн сілтеген Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған ел штатының атқамінерлері мұндай қадамға қалада қайыр тілеушілер тарапынан жасалатын қылмыстың артып кеткені түрткі болған. Дәлірегі, қайыр тілеушілер тонаушыларға айналған. Бұдан бөлек, кәмелет жасына толмаған, әлі оң мен солын танымайтын жеткіншектерді қайыр тілеуге баулып, мәжбүрлейтіні де себеп болған. Бұл айтылғандардан басқа, қайыр тілеушілер қоғамдық орындарда немесе көшеде автокөліктердің, адамдардың аяғына оратылып, еркін қозғалуына кедергі келтіріп отыр. Сондай-ақ, жүүрген жерін ластап, қаланың көркін қашырады. Аталмыш штатта қайыр тілеуді кәсіпке айналдырып алғандардың жолын кесетін арнайы жасақ құруды көздеп отыр. Осы орайда мамыр айының бас кезінде Швейцарияның Базел қаласының басшылығы үйсіз-күйсіз қаңғыбастардан құтылудың ел естімеген амалын ұсынған еді: қайыр тілеушілерге Еуропаның кез келген қаласына, егер олар қайтып оралмауға уәде берсе, билет алып бермек болған еді. Бұл бастама жергілікті Basler Zeitung мерзімді басылымында да жарияланған болатын. Ал уәдесінде тұрмай қайтып оралғандарды Швейцария аумағынан депортациялайтын болып келіскен еді. Десе де еуропалық өзге елдер Швецарияның бұл бастамасына қолдау білдіргені немесе білдірмегені турасында ақпарат жоқ. Яғни, аталмыш бастаманың қалай аяқталғаны белгісіз. 

0 пікір
Мұрағат