500 000-нан аса жазылушысы бар әлемжелі қолданушысына салық салынады
500 000-нан аса жазылушысы бар әлемжелі қолданушысына салық салынады
3 жыл бұрын 1211 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Иранның ұлттық салық әкімшілігі (INTA) әлеуметтік желідегі ықпалды, танымал, беделді, белсенді, қысқасы, жазылушысы көп  тұлғаларға салық енгізді, өйткені, олар Instagram секілді платформаларда табысы жоғары адамдардың есебінен өз кірісін арттыруға ұмтылады. Бұл жайында islam.kz порталы iran.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Шиғалар елінің бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған, INTA жетекшісі Өмід Әлі Парсының қолы қойылған жарлықта айтылғандай, әлеуметтік желідегі негізгі тұлғаларға салық салу Иранның 2022 жылдың наурыз айында қабылданған бюджет туралы заң талаптарына сәйкес келеді. «Әлеуметтік желі пайдаланушыларының жарнамасынан алынған табыс пен жазулышылар саны 500 мыңнан асатын тұлғаларға табыс салығы салынады»,- деп айтылған қаулыда. Сондай-ақ, INTA осы тараптағы салық кестесі туралы нормативтік актілер мен заңнаманы екі айдың ішінде Иранның қаржы министрлігіне ұсынуы тиіс. Бұдан бөлек, салық салынатын әлеуметтік желінің ықпалды тұлғаларының тізімі INTA-ның веб-сайтында жарияланады. Иран билігін мұндай қадамға санкциядан еңсе тіктей алмай жатқан экономикасын қолдау білдіру әрі мұнай шикізатына тәуелділіктен құтылу үшін экономиканы әртараптандыру мақсатында барып отыр.

0 пікір
Мұрағат