Қасиетті қалада индонезиялықтардың өз ауылы болады
Қасиетті қалада индонезиялықтардың өз ауылы болады
3 минут бұрын 3 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Индонезиялық Danantara инвестициялық ұйымы желтоқсан айында Сауд Арабиясының Мекке қаласында өзінің «Уиллид қажылығы» жобасының құрылысын бастауды жоспарлап отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Тhe Іslamic Іnformation ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы жоспар аталған компанияның қазан айында қасиетті қаладағы жер телімін сатып алғаннан кейін жүзеге асырылды. Бірегей жоба Индонезиядан қажылық пен ұмра үшін келетін қажыларға жағдай жасауға бағытталған. Danantara Indonesia өзінің PT Danantara Investment Management (DIM) инвестициялық холдингі арқылы 2026 жылдың қазан айының 18-і күні Мекке қаласының Тахер ауданынан 4,4 гектар алаңды сатып алуға қатысты процедураларды аяқтады. Аталмыш компания қазірдің өзінде 1 461 нөмір мен люкс бөлмесі бар Novotel Thakhher Makkah қонақ үйін өз бақылауына алды бар. Индонезиялық қажыларға арналған ауыл аталған компанияның жергілікті серіктесі әл Хомасиямен бірге біртіндеп дамытатын болады. әл-Хомасия жер келісімін ұйымдастыруға көмектесті және Danantara Indonesia-ның Сауд Арабиясында жұмыстарына қолдау көрсетеді. Соның ішінде мейманхана кешені үшін жер телімін алу рұқсатына ие болуға әрі конақ үйдің техникалық-экономикалық негіздемесін жасауға жәрдемдесті.

0 пікір
Мұрағат