|
Қадір түні қарсаңында 500-ден аса тұтқынға рақымшылық жасалды
|
Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедов қадір түні қарсаңында қасиетті Рамазан айының құрметіне 514 жазасын өтеушіге рақымшылық етті. Бұл жайында islam.kz порталы islam.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Түркіменстан басшысы бұл тарапта аталған елдің қорғаныс министріне, мемлекеттік қауіпсіздік кеңесінің хатшысына, азаматтық беру және рақымшылық ету жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу комиссиясының жетекшісіне тиісті пәрмен берді. Аталған құзыретті мекемелер құқық қорғау органдарымен аталмыш мәселе бойынша қызметін үйлестіріп, тұтқындарды босату процедурасын бастайды. Бұдан бөлек, облыс, қала, аудан басшыларына азат өмірге аяқ басқандарды жұмыспен қамту жөнінде тапсырма берілді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қытай әлемде алғашқы болып пластик жол төседі (видео)
■
Израилдің жаңа қаруының артықшылықтары көрсетілді (видео)
■
Бір ауру түрінен күн сайын күллі әлемде 26 мың адам қайтыс болады
■
Алдындағы автокөліктерді «аттап» өте алатын Jeep жұртшылық назарына ұсынылды (видео)
■
Түркия донер өндірісіне қойылатын талапты күшейтті