Планетаны құтқаруға жүздеген триллион доллар кетеді
Планетаны құтқаруға жүздеген триллион доллар кетеді
10 ай бұрын 944 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Инвесторлардың ықпалды тобы мемлекет басшыларын  климат дағдарысын еңсеру үшін 275 триллион доллар инвестиция тарту жолында саяси кедергілерді жоюға шақырды. Мұншалықты қыруар қаражат планетаның климатын сақтап қалу және 2050 жылға қарай жаппай жасыл энергияға көшуді жүзеге асыру үшін қажет. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Net Zero Asset Owner Alliance (NZAOA) ұйымының есебінде келтірілген дерекке жөн сілтеген Bloomberg іскерлік ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Allianz, Axa және Калифорния штатындағы мемлекеттік қызметкерлердің зейнеткерлік жүйесі кіретін инвестициялық топтың қазіргі уақытта 11 триллион доллар активтері бар. Жаһандық экономика қазбалы отыннан құтылу, көміртек бөлмейтін жаңғыртпалы энергия көздеріне көшу үшін қомақты инвестицияны қажет етеді.

Ұқсас материалдар:

«Жаһандық проблеманы еңсеру үшін Үндістанға 12,7 трлн доллар қаржы керек» (https://islam.kz/kk/news/alem/jahandyq-problemany-enseru-ushin-undistanga-127-trln-dollar-qarjy-kerek-19082/#gsc.tab=0);

«Жаһандық проблеманы шешуге қанша қаражат кететіні есептелді» (https://islam.kz/kk/news/alem/jahandyq-problemany-sheshuge-qansha-qarajat-ketetini-esepteldi-19166/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат