|
Пәкістандағы ауған босқындарының қарасы 3,5 млн адамға жетті
|
Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссар басқармасы келтірген дерекке қарағанда, Пәкістан аумағындағы ауған босқындарының саны маусым айында 3 жарым млн адамға жеткен. Бұл жайында islam.kz порталы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ауған босқындарының шамамен тек үштен бір бөлігі ғана тіркелген. Олар заңды жолмен Пәкістанда жұмысқа тұра алады. Ал тіркелмеген ауған босқындарының қарасы 775 мыңдай болып қалады. Оларды елден қууы мүмкін. 2021 жылдың тамыз айынан бері Пәкістан шекарасынан 600 мыңнана аса босқын аттаған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады