Климат дағдарысымен күресу үшін жаһандық жылынуға өз «үлесін» қосып отырған мұнай өндірісіне салық салу туралы бастама көтерілді
Климат дағдарысымен күресу үшін жаһандық жылынуға өз «үлесін» қосып отырған мұнай өндірісіне салық салу туралы бастама көтерілді
10 ай бұрын 655 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Brandon Bell / Getty Images

Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Гордон Браун мұнай өндіруші елдерді мұнай шикізатын сатудан түскен табыстан дамушы елдерге климат дағдарысымен күресуіне қаржылай көмектесуі тиіс, деп мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Соңғы екі жылда аса ірі мұнай мен газ өндіруші елдер шикізаттан рекордтық деңгейде табыс тапты. Бір ғана 2022 жылы мұнай мен газ өндіруші елдер шамамен жалпы төрт трлн доллар пайда көрген. Егер мұнай мен газдан түскен табыстан үш пайыз салық өндіріп алса, дамушы елдерге жыл сайын 25 млрд доллар шамасында көмек көрсетуге мүмкіндік туады. Бұрын мұндай үндеу негізінен жекеменшік шикізат компанияларына, соның ішінде Shell, BP, Total және ExxonMobil энергетикалық алпауыттарына бағытталса, осы жолы әлемдік мұнай және газ өнеркәсібін шоғырландырған Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері және Норвегия сияқты елдердегі ұлттық мұнай компанияларына қарата ұсыныс айтылды. Сөз орайы келгенде осы жылдың шілде айында Франция президенті Еммануел Макрон экономикасы өркендеген державаларды жаһандық жылыну салдарымен күресу үшін дамуша елдерге 100 млрд доллар көмек көрсетуді ұсынғанын айта кету керек. Бұл қомақты қаражатты биылдан қалмай жинауға уағдаласқан болатын. Бұл қаржының бестен бір бөлігінен көбісін АҚШ бөледі.

0 пікір
Мұрағат