|
Өткен жылы Түркияда 57 млн-ға тарта турист болған
|
2023 жылы Түркия аумағында болған туристер қарасы - 56,7 млн. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Түркияның статистика институтының (TÜİK) өткен жылдың қорытындысы бойынша есебіндегі деректерге жөн сілтеген Anadolu Ajansı ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. TÜİK мәліметінше, бұл деңгей 2022 жылмен салыстырғанда 11,1 пайызға жоғары. Өткен жылы туризмнен түскен табыс 54,31 миллиард долларды құрады. Бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 16,9 пайызға жоғары. Оның 41,6 миллиард доллары туристердің жеке шығындарына, ал 13,25 миллиарды турпакеттердің шығыстарына тиесілі.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді