|
Адамдарға телефон қоңырауын шалғанда роботтарды пайдалануға тыйым салынуы мүмкін
|
Америка құрама штаттарында адамдарға телефон қоңырауын шалғанда роботтарды пайдалануға толық тыйым салу қарастырылып жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы Engadget ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. АҚШ-тың федералды байланыс комиссиясының сайтында аталмыш агенттік жетекшісі Жессик Розенворселдің мәлімдемесі пайда болды. Онда ол роботтандырылған телефон қоңырауларын заңнан тысқары деп жариялау қажеттілігін алға тартқан. Өйткені, жасанды зерде тірі адамның даусын салып, өзін нақты тұлға етіп көрсетуге бейім тұрады. Мұндай әдіс (адамның даусын салып, бейнесін сомдау) алаяқтықтың құралына айналмасы үшін тыйым салудың маңыздылығы артады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді