Он жылда аптап ыстықтан адам шығыны бес есеге артады
|
Халықаралық сарапшылар тобы алдын алмаса, алдағы он жылда аптап ыстық күшейетінін әрі осыған байланысты өлім-жітім көрсеткіші бес есеге артатынын алға тартып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Phys.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдардың дабыл қаққанына қарамастан өткен жылы өнеркәсіптен атмосфераға бөлінген көмірқышқыл газы артып, осының салдарынан орташа есеппен алғанда 86 күн қатарынан адамзатқа қауіпті ауа температурасы орнаған. The Lancet Countdown зерттеу нәтижесіне сәйкес осы күндердегі аптап ыстықтың шамамен 60 пайызы климат дағдарысынан орын алған. 1991-2000 жылдардан 2013-2022 жылға дейін аптап ыстықтан қайтыс болған 65 жастан асқан адамдардың саны 85 пайызға артқан. Ауа температурасы Целсия бойынша екі градусқа жылынатын болса, 2050 жылға қарай аптап ыстықтан көд жұматындар қарасы жылына 370 пайызға артады. Бұған қоса, шамамен 520 миллионға жуық адам климат дағдарысына байланысты осы ғасырдың ортасына таман азық-түлік тапшылығынан қиындық көреді. Масалар тасымалдайтын жұқпалы аурулар жаңа аймақтарға тарай бастайды. Денге індетін жұқтыру көрсеткіші 36 пайызға артады.